ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ САНЫ 42 АРТҚАН » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ САНЫ 42 АРТҚАН
13
февраль
2024

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ САНЫ 42 АРТҚАН

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ САНЫ 42 АРТҚАН
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы 
Нұргүл Шамшиева білім беру саласыныда 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға жоспарланған жұмыстар туралы БАҚ өкілдеріне берген баспасөз конференциясында айтты. 
Бүгінде Шымкент қаласында 401 883 баланы камтып отырған  960 білім беру ұйымы жұмыс істеуде. Оның 251 мемлекеттік болса, 718 жекеменшік. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42 білім беру ұйымына артып отыр. 
2023 жылы «Шымкент қаласының білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жол картасы» әзірленді. 
Жол карта аясында 2024 жылы білім саласына жалпы 228 млрд. 353,5 млн. теңге қаралған. Оның ішінде, жалпыға міндетті білім қорына – 60 284,2 млн.теңге, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мамандарын даярлауға – 20 521,7 млн.теңге бөлінген. Жалпы қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 22,0 млрд.теңгеге  артқан.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив