“Сапалы білім” аясында » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Сапалы білім” аясында
12
декабрь
2023

“Сапалы білім” аясында

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде “Сапалы білім” аясында «Дене шынықтыру» әдістемелік бірлестігінің мұғалімі Ысқақбай Дәулет Сәбитұлы «Акробатикалық жаттығулар орындау, гимнастикалық кіші атта жаттығулар жасау» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар гимнастикалық жаттығуларды меңгеріп дене қозғалысын тепе-теңдікте ұстау әдісін үйренді. Ал негізгі жалпылама дамытушы жаттығулар гимнастиканың барлық түрінде қолданылады. Бұл жалпылама түрдегі дене тәрбиесінің мақсаты бойынша орындалатын үйлестіруші күрделі емес қозғаушы әрекет жаттығулар. Олар бұлшық еттің әртүрлі топтарындағы дамуын, дене сапасын жақсарту, кәдімгі қозғаушы дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Акробаттық жаттығулар дене мүшелерін дамытатын батылдық пен тәуекелшілдікке тәрбиелейтін өте маңызды ықпал жасаушы амал. Дененің алуан түрлі қимылдары мен жағдайлары соның ішінде бастан жоғары қарай айналып секіру, кеңістіктегі арнайы бағдарды жақсартады.
Сондай-ақ, гимнастикалық жаттығулар жасау барысында адамда жылдамдық, күштілік қасиеттерінің қимылдардың дәлдігін, ептілікті ерік қасиеттерін дамытады.
Осы орайда, оқушылардың спортқа деген белсінділігін арттырып жүрген Дәулет Сәбитұлына табанды еңбек ету жолында толағай табыстар тілейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив