07
декабрь
2023
ТЕПЕ-ТЕҢДІКТЕГІ ГИМНАСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде “Сапалы білім” аясында «Дене шынықтыру» әдістемелік бірлестігінің мұғалімі Маханбетов Асанхан Уалиханұлы «Тепе-теңдік гимнастикалық жаттығулар және кеңістіктегі дене қозғалысы» бойынша сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Сенімділік қабілетін жақсарту үшін тактикалық, стратегиялық, құрылымдық идеялармен тәжірибе жасау. Дене белсенділік тәжірибесі үшін білім мен дағдыны дамыту.
Сабақ барысында оқушылар гимнастикалық жаттығуларды меңгеріп дене қозғалысын тепе-теңдікте ұстау әдісін үйренді. Ал гимнастика дегеніміз – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер болып табылады.
Осы орайда, оқушылардың спортқа деген белсінділігін арттырып жүрген Асанхан Уалиханұлына табанды еңбек ету жолында толағай табыстар тілейміз!