13
декабрь
2023
«Сапалы білім» жобасы аясында
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде «Сапалы білім» жобасы аясында «Химия-биология» әдістемелік бірлестігінің мұғалімі
Толекова Ақдидар Берікқызы күнтізбелік жоспар бойынша кезекті сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Республикамыздың жер қойнауындағы байлық қоры қандай?
Сабақтың басты мақсаты - оқушылар бойында идея, тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды сабаққа қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру көзделді.
Сабақта қолданылған белсенді «Баскетбол» «Жұмыртқа» әдістері мен топтық, жұптық және жеке жұмыстар орындалды. Білімді өз беттерінше меңгеріп, бір – біріне түсіндіру арқылы өздерін табысты сезінулеріне жағдай жасалды.
Барлық оқушылар пайдалы қазбалардың түрлерімен танысты, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын білді. Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтады.

