15
декабрь
2023
"Сапалы білім" жобасы аясында
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бекеев Абдулла Зайдуллаевич "Сапалы білім" жобасы аясында қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында күнтізбелік жоспар бойынша 7 "Ж" сыныбына сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы "Қазақтың ұлттық ойындары: асық ату және бес тас ойыны".
Оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын оятып, ойын арқылы шапшаңдық, икемділікпен төзімге үйретіп жүрген пән мұғалімі, ұлттық ойын спорт түрлерімен балаларды кеңінен таныстырып, қызықтырып ой өрістерін кеңейтуді басты назарға алып отыр.
Сабақ барысында мұғалім Абдулла Зайдуллаевичтің белсенділігі мен оқушылардың қызығушылығы көрінді.
Мұғалім мен оқушыларға алдағы уақытта сәттілік тілейміз