"Сапалы білім" жобасы аясында » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сапалы білім" жобасы аясында
15
декабрь
2023

"Сапалы білім" жобасы аясында

"Сапалы білім" жобасы аясында Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде педагог-сарапшы Исмайлова Гулназ Керімбекқызы 5 "А" сыныбына математика пәнінен "Жай бөлшектерді қосу және азайту" тақырыбында  ашық  сабақ өтті.                                                                                                                                                                                                 
Сабақтың мақсаты: Бөлімдері бірдей және әр түрлі бөлшектерді қосу және азайту ережелерін білу және есеп шығаруда қолдану болып табылады.      
Сабақ барысында тақырып мақсатына жету үшін "wordwall" платформасында "миға шабуыл" әдісі арқылы өтілген тақырыптарды қайталады. Топтық жұмыста “Tarsia" әдісі арқылы пазылдарды құрастырды. Оқулықпен жеке жұмыстар және деңгейлі тапсырмалар жұптық жұмыста орындалды. Сергіту сәтінде дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарға жаттығу жасалды. Сабақ соңында кері байланыс жасалып, сабақ қорытындыланып, оқушылар бағаланды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив