"Сапалы білім" жобасы » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сапалы білім" жобасы
19
декабрь
2023

"Сапалы білім" жобасы

"Сапалы білім" жобасы аясында Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде педагог-модератор Жиенбаева Жайна Жакыпбаркызы 7 "Е" сыныбына география пәнінен "Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері" тақырыбында  ашық  сабақ өтті.                                                                                                                                                                                                 
Сабақтың негізгі мақсаты: 
*Мұхит суының тұздылығы мен температурасына сипаттама жасау;
* Атлас картаны пайдалана отырып мұхит суының қозғалыстарын сипаттау болып табылады.
Сабақ барысында оқушылар атлас картаны қолдана отырып, мұхит суының қасиеттерінің таралуы бойынша талдау жасады. 
Сонымен қатар, тақырып мақсатына жету үшін  "Фортуна" әдісі арқылы өтілген тақырыптарды қайталады. Топтық жұмыста “Coogll" әдісі арқылы тақырыпты ашып, өз білімдерін ортаға салды. Оқулықпен жеке жұмыстар және деңгейлі тапсырмалар жұптық жұмыста орындалды. Сабақ соңында "Вацап" әдісі арқылы кері байланыс жасалып, оқушылар "Домбыра" әдісі арқылы бағаланды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив