20
декабрь
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
(Абай Құнанбаев)
Жас оқырмандардың оқуға құштарлығын арттыру мақсатында "Оқуға құштар мектеп" жобасы №79 жалпы орта білім беретін мектепте мектеп кітапханашылары Маржан Мануарқызы мен Айшабибі Сапарқызының ұйымдастыруымен "20 минут кітап оқу" акциясы өтуде. Осыған орай, 2023 жылдың 15-желтоқсан күні мектеп кітапханасында 3 "Д" сынып оқушылары сынып жетекшісі Сейтаева Динарамен бірге ертегілер оқып, өздері оқыған ертегі желісі бойынша түсінгендерін айтып берді.




