21
декабрь
2023
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді қандырамын.
Тәуелсіздік
туын тігуге қаншалықты күш-жігер керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек. Тәуелсіздік мерекесіне орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында №79 жалпы орта білім беретін мектебінде Маржан Мануарқызы мен Айшабибі Сапарқызының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 19 желтоқсан күні 5-сынып оқушылары арасында «Елім деп соғар жүрегім»
тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу, тілдік, сөздік қорын байыту, өз елінің патриоты болуға, отан, туған жер туралы өлеңдер арқылы елін құрметтеуге, тәуелсіздікті қастерлеуге үйрету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға оқушылар белсене қатысып, тәуелсіздік, отан тақырыбында жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы айтулы оқиғаларына байланысты жасырылған викториналық сұрақтарға жауап берді.
Сайыс барысында:
5 «А» сынып оқушысы Асан Медина
«Бас жүлде»
5 «Б» сынып оқушысы Ахмет Бақдәулет
орын
5 «Б» сынып оқушысы Маслихат Жасұлан
орын
5 «И» сынып оқушысы Оңғарсын Санжар
орын
5 «А» сынып оқушысы Шырынхан Раяха
орын
5 «И» сынып оқушысы Қасымбек Дияна
орын иеленіп, мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.






