22
декабрь
2023
«Сапалы білім» жобасы аясында
«Сапалы білім» жобасы аясында Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінің «Орыс тілі мен әдебиеті» әдістемелік бірлестігінің педагог – зерттеуші мұғалімі Турисбекова Перизат Абдукадыровна 7 «Е» сыныбына «С.А. Абрамов «Выше радуги» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Турисбекова П. А. өз сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Сабақ барысында өткенді қайталап, пысықтау үшін презентация жасау арқылы, сабақ тақырыбының қаншалыкты игерілгенін анықтау үшін қолданылды.
Қытай даналығын еске сала отырып: « Мен естимін – мен ұмытамын, мен көремін – мен есте сақтаймын, мен жасаймын – мен игеремін» деген қанатты сөзді негізге ала отырып, оқушылар өткен тақырыпты қаншалықты игергенін көрсетті.
Презентацияны оқушылар топпен орындап, бір-бірімен білімдерімен бөлісіп, игерілмеген тұстарын толықтырумен болды. Сондай-ақ жаңа такырыпты тірек сөздермен аша бастады. Оқушылар тірек сөздермен болжам сөйлемдерді құрастырып, тақырып не жайлы болатынын табуға тырысты.
Турисбекова Перизат Абдукадыровнаның ұстаздық ұстанымы: «Өзің түсініп жасаған кезде ғана білімді игересін».



