26
декабрь
2023
“САПАЛЫ БІЛІМ” аясында
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде “САПАЛЫ БІЛІМ” аясында педагог-модератор Нұржігітова Рабиға Досболовна 4 “В” сыныбында «Спасатели всегда на службе» тақырыбында күнтізбелік жоспар бойынша ашық сабақ өтті.
Сабақтың басты мақсаты:
- Тыңдалған материал бойынша, тірек сөздер бойынша сұрақтарға жауап беру;
- Жазылым мен айтылымда есімдіктерді сөйлемде дұрыс қолдана білу.
Сабақ барысында жаңартылған бағдарлама талаптарына сәйкес бірнеше әдіс-тәсілдер, саралау, бағалау түрлері қолданылды. Оқушылар түрлі құтқарушылардың (жедел-жәрдем, полиция, өрт сөндірушілер)түсті суреттерін таңдау арқылы топқа бөлініп, сабақтың тақырыбын болжады.
Үй тапсырмасын тексеру барысында ,,Келесі кім?” әдісі қолданылды. Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылды, оқушылар жеке-жеке жауап беріп, “Алма” әдісі арқылы бағаланды.
Жаңа сабақты түсіндіру үшін “Word wall платформасы арқылы жүзеге асты.Осы платформамен “Случайное колесо”, “Привести в порядок” әдістері арқылы жаттығулар жасалды. Сонымен қатар, сабақта оқушылар топпен, жұппен, жеке жұмыс жасады және оқушыларды бағалау критерийлер мен дескриптор арқылы жүзеге асты. Сабақты қорытындылау үшін “Синквейн” әдісі арқылы жеткізу үшін топтық тапсырма берілді.
В, С деңгейіндегі оқушыларға тапсырма ретінде карточкалар ұсынылды. Ондағы тапсырмалар сабақ бойынша сұрақ-жауап.
Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алу үшін “Дерево” әдісі қолданылды. Тақта алдындағы талға оқушылар алма бейнесіндегі стикерлерді жапсыру арқылы белгілі болды. Оқушыларға қызғыш (тақырып бойынша сұрақтарым бар), жасыл (барлығы түсінікті) түсті алма стикерлерін таңдау ұсынылды.