27
декабрь
2023
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтің туған күні аталып өтті
Шымкент қаласы №79 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі Кубекова Толғанай Жаңабайқызының ұйымдастыруымен 2023 ж желтоқсан айының 20 жұлдызы күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтің туған күні аталып өтті. Аталмыш іс-шарада ән орындалып, күй шырқалды. Сонымен қатар, Дулат Исабековатың танымал «Әпке» драмалық қойылымын сахналауы тамаша орын алды. Мектеп басшылығы, ұстаздар, оқушылар жас өнерпаздардың талпыныстарына шынайы көңілмен қол соқты. Іс-шарада 8-9 сынып оқушылары қамтылды.