09
январь
2024
⭐️ЖЕҢІМПАЗ ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!⭐️
Мектебіміздің мақтаныштары бастауыш сынып оқушылары
Уазихан Айымхан мен Уазихан Айкен Тараз қаласында өткен «ALTYN – ARAI» халықаралық хореографиялық өнер фестиваль-конкурсынан
«ГРАН ПРИ» иегері атанды.
Би өнері ұлттық өнеріміздің біріне жатады. Қазақ билерінде халқымыздың мінез-құлқы, салт- дәстүрі көрініс тапқан. Бүгінде би өнері заман ағымына сай жаңарып келеді. Республика бойынша осы өнерге қызығушылық танытып, үнемі ізденіс үстінде жүретін жастар қатары аз емес. Осыған дәлел ретінде, Еліміздің әр аймағынан келген өнерлі өрендер бақ сынаған додада кішкентай биші қыздарымыз намысты қолдан бермеді. 
Алдағы уақытта, қыздарымызға шығармашылық табыс пен толағай табыс тілей отырып, әлі талай шыңды бағындыратындарына сеніміміз мол!



