19
январь
2024
ХИМИЯ - БИОЛОГИЯ АЙЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 08.01- 08.02.2023 ж. күндері аралығында
“Химия – биология” айлығы өткізілуде.
15.01.2023 ж. күні "Ғажайыптар әлемі" атты "Химия - биология" ӘБ айлығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты - балаларға заманауи білім бере отырып, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынасты нығайту, балаларды дербестікке тәрбиелеу болып табылады.
Айлықтың ашылуында пән мұғалімдері мен оқушылар
"Қызықты тәжірибелер" көрсетіп, биылғы 2024 жыл ұлу жылында Ұлудың пайдалы жағына тоқталып өтті.
Оқушылар арасында элементтер айтысы ұйымдастырылды.




