"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
19
январь
2024

"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Халқымызда «Тәрбие – тал бесіктен» деген есті сөз бар. Баланы тәрбиелеу шынымен бесікте жатқан күнінен басталады. Ол дүниеге келген сәттен бастап, қоғамның бір бөлігіне айналады. Оның дүниетанымы мен мінез-құлқы отбасында, балабақшада, мектепте және жоғары білім беру ұйымдарында қаншалықты дұрыс тәрбие мен білім берілетініне байланысты қалыптасады.         
Сондықтан қазірдің өзінде өскелең ұрпақтың бойында парасаттылық идеологиясын өте маңызды. Осы тұрғыда, “Біртұтас тәрбие” жобасы аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектепте кітапханашылар Маржан Мануарқызы мен Элмира Амангельдиевнаның ұйымдастыруымен  «Парасаттылық – адам бойындағы асыл қасиет» тақырыбында әңгімелесу сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар  адамгершілік пен ізгілік тақырыбы қозғалған жазушылар шығармалары туралы өз  пікірлерін  айтып, парасаттылық пен адалдық тақырыбында видеороликтер тамашалап, өз ойларын ортаға салды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив