22
январь
2024
"САПАЛЫ БІЛІМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 22 қаңтар күні “Сапалы білім” жобасы аясында 2 «Д» сынып оқушыларымен бастауыш сынып мұғалімі Артыкова Пакизат Суннатовна математика пәнінен «Көбейту амалының компоненттері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың негізгі мақсаты:
Сынып жетекшісі: Артыкова Пакизат жаңа тақырыпты оқушыларға түрлі әдіс-тәсілдерімен түсіндірді. Сабақ барысында оқушылар топқа бірігіп, кері есепті түсіндіре білді. Сондай-ақ «Есептер мозайкасы» әдісі арқылы жұптық жұмысы, «Балмұздақ» әдісімен жеке жұмыстар,«Арқан тарту» әдісі арқылы топпен бірігіп, «Теңге» әдісі арқылы оқушылар бағаланып,«Әрқашан күн сөнбесін» балаларға арналған ән арқылы сергіту сәтін ұйымдастырды.