“САПАЛЫ БІЛІМ” ЖОБАСЫ » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “САПАЛЫ БІЛІМ” ЖОБАСЫ
24
январь
2024

“САПАЛЫ БІЛІМ” ЖОБАСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N°79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 23 қаңтар күні "Сапалы білім” жобасы аясында 2"Б"сынып оқушыларымен бастауыш сынып мұғалімі Бердалы Аңсат Сүлейменқызы математика сабағында "Бөлу амалының компоненттері" тақырыбында ашық сабақ өтті.
📚Сабақтың негізгі мақсаты:
📌 Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысы, бөлуді заттарды түрлеріне қарай және тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну;                                                             📌 Көбейту және бөлу амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.           
    Педагог Бердалы Аңсат Сүлейменқызы тақырыпты оқушыларға түрлі әдіс-тәсілдермен түсіндірді. Сабақ барысында оқушылар топқа бірігіп, түрлі қызықты тапсырмалар орындады.
📌"Алма жинау" әдісімен өткен тақырыпты қайталап тақтамен жұмыс;
📌"Бес саусақ" әдісі арқылы оқушыларды жеке бағалау;
📌"Ханшайым, айдаһар, Ханзада" атты сергіту сәті ұйымдастырылды;
📌"Алма ағашы" әдісімен кері байланыс жасалды.
Балалар сабаққа белсенді қатысты.
Сабақ жоспарға сәйкес өз деңгейінде өтті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив