31
январь
2024
“САПАЛЫ БІЛІМ” ЖОБАСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде педагог-модератор Нуржигитова Рабига Досболовна 2 “Д” сыныбында «Сказка -душа народа» тақырыбында күнтізбелік жоспар бойынша ашық сабақ өтті.
Сабақтың басты мақсаты:
Сабақ барысында жаңартылған бағдарлама талаптарына сәйкес бірнеше әдіс-тәсілдер, саралау, бағалау түрлері қолданылды. “Кейіпкерлер не істеді” атты ойындар арқылы жаңа сабақ түсіндірілді. Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылды, оқушылар жеке-жеке жауап беріп, “Бағдаршам” әдісі арқылы бағаланды.
Сонымен қатар, сабақта оқушылар топпен, жұппен, жеке жұмыс жасады және оқушыларды бағалау критерийлер мен дескриптор арқылы жүзеге асты. Сергіту сәті “Қайтала” атты ойын арқылы өтілді. Сабақты қорытындылау үшін “Не түсіндім” әдісі арқылы жеткізу үшін топтық тапсырма берілді.
В,С деңгейіндегі оқушыларға тапсырма ретінде карточкалар ұсынылды. Ондағы тапсырмалар сабақ бойынша сұрақ-жауап болды.