ПЕДАГОГТАРДЫ КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ҰСЫНЫЛДЫ » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ПЕДАГОГТАРДЫ КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ҰСЫНЫЛДЫ
31
январь
2024

ПЕДАГОГТАРДЫ КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ҰСЫНЫЛДЫ

  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 29 қаңтар күні педагогтарды курстан кейінгі қолдау мақсатында "Өрлеу"  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының тренері Айнабекова Зульфия Ахметовнамен кездесу өтті.
    2023 жылдың 11.09 - 22.09. күндері аралығында "Білім беру менеджменті" курсынан өткен мектеп директорының орынбасары У.Ниятова,  «Развитие предметных компетенций учителей русского языка и литературы для качества преподавания и оценивания в 10-11 классах»  курсынан өткен орыс тілі пәні мұғалімі М.Нурымбетовалармен кездесіп, педагогтердің ККҚ жеке жұмыс жоспарларының оңтайлы іске асуына әдістемелік нұсқаулық бойынша кеңес берді. 
Кездесу барысында орыс тілі сабағына қатысып, оқу процесіне конструктивті кері байланыс беріп, мұғалімнің сабақты зерттеудегі туындаған сұрақтарына жауап беру арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды. 
    Директор орынбасарларымен білім беру саласындағы басқаруға қатысты бірқатар зерттелуі тиіс мәселелерді талқылады. Педагогті курстан кейінгі қолдаудың жеке жоспарында атқарылатын іс-шараларға мән берілуге тиісті жақтарын атап көрсетті. 
Осы орайда, Зульфия Ахметовнаға оқу процесіне қатысты сұрақтарға жауап беру барысында шеберлігін көрсетіп, бөліскені үшін үлкен алғыс білдіреміз. Алдағы уақыттарда "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен тығыз байланыста жұмыс атқарамыз деп сенеміз! 
Жас ұрпақты сапалы білім нәрімен сусындатып, оңтайлы бағыт-бағдар беретін білікті ұстаздарымыз көп болсын! 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив