15
март
2024
"МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ" ЧЕЛЛЕНДЖІ
"МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ" ЧЕЛЛЕНДЖІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» челленджі ұйымдастырылды.
Челлендж мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра түсіріп, қаншалықты кітап оқитынын анықтау, білімнің кітапта екенін ұғындыру.
Кітап оқу - тұлға болып қалыптасуға ықпал ететін бірден - бір күш. Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған сүйікті кітаптарының қызықты тұстарын баяндап, кітап оқу барысында өздерінің түйген ойларымен, пікірлерімен бөлісті. Шара соңында келген оқырмандар өздері оқыған кітаптарын бір-бірімен алмастырып, мектеп кітапханашылары жастарға бірнеше кітаптың тізімін оқуға ұсынды.

