20
февраль
2024
А.С.ПУШКИНГЕ 225 ЖЫЛ
А.С.ПУШКИНГЕ 225 ЖЫЛ
Биыл жер-жерде орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің 225 жылдығына байланысты мерекелік іс-шаралар легі басталып кеткені белгілі. Адамзаттың ортақ мақтанышына айналған алып тұлғаны айдай әлем әспеттеп жатса жалғанның жарығындағы жақсылықтың аты озғаны болар. Көзі ашық, көкірегі ояу қазақ қауымы, дүниені дүбірлеткен мерейтой бағдарламасынан тыс қалмаса керек. Өйткені біздің өнбойымызда дана Абай қалыптастырған өзгелердің өнегелі өрендерін дәріптей білу дәстүрі бар.
Осы ойымыздың айғағындай болып Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде “САПАЛЫ БІЛІМ”жобасы аясында 16.02.2024 жылы мектебімізде 3-6 сыныптар аралығында орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Динара Кучербаевна “Его величество поэт” атты мәнерлеп оқу кешін, ал Жанат Калдыбаевна, Рабига Досболовна, Сара Бауыржановна “Сказки Пушкина” атты ертегілер әлеміне саяхат әдеби кешін өткізді.
Кеш барысында оқушылар А.С Пушкиннің ертегілері бойынша мәнерлеп өлеңдерін оқып, “Найди героев сказок Пушкина” атты викториналық сұрақ-жауаптар, ”Объясни значение пословицы”, “Кто первый” атты ойындар өткізілді.
Оқушылар өте белсенді қатысып,орыс әдебиетіне деген қызығушылықтары артып, белсенділік танытқандары өте қуантарлық жағдай!
Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру болып табылады.
https://www.facebook.com/100041009420083/videos/360539470195473/