«САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ ДІҢГЕГІ – ТІЛ, ТАРИХ, ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ ДІҢГЕГІ – ТІЛ, ТАРИХ, ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
02
март
2024

«САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ ДІҢГЕГІ – ТІЛ, ТАРИХ, ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР

«САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ ДІҢГЕГІ – ТІЛ, ТАРИХ, ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 1 наурыз күні «Сапалы білім берудің негізгі діңгегі – тіл, тарих, дәстүр» қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша ұйымдастырылған қалалық семинары өтті. 💐
📚Семинардың мақсаты:  жалпы білімнің жоғары сапасына қол жеткізуді қамтамасыз ететін сапалы білім берудің негізгі діңгегі - ана тілді, ата дәстүрді, тарихи құндылықтарды бойына сіңірген ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаны дамыту бойынша педагогтердің тәжірибесін тарату алаңы ретінде білім беру ұйымының қызметін көрсету болып табылады.
Семинарды мектебіміздің директоры Жанна Аралбайқызы Кулбекова сөз бастап ашып берді.⭐️
Семинарда барысында:
📌 "Этномәдени ауыл" қолөнер көрмесі қойылды, ұйымдастырушылар: эстетикалық пәндер бірлестігі;
📌 "Тарих-ғасырлар куәсі" көрмесін ұйымдастырушылар: тарих-география пәндері бірлестігі;
📌"Абай ауылы" көрмесін ұйымдастырушылар: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестіктері;
📌"Әжемнің  ертегісі" қойылымын бастауыш сынып бірлестігі;
📌Шығармашылық көрмелерге барлық әдістемелік бірлестіктер ат салысты.👍
📍Директордың әдістеме жұмысы жөніндегі орынбасары М.Б.Дүйсебай «Тіл - этномәдени құндылық» оқу сауаттылығы бойынша функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған коучинг;
📍Мектеп тренері М.К.Маркабаева "Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау" тақырыбында коучинг;
📍Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі  Г.У.Ибраева, тарих пәнінің Ф.А.Султанбекова, көркем еңбек пәнінің мұғалімі  Ж.А.Избасарова, қазақ тілі пәнінің  жас маманы Л.Е.Каспанова Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесіндегі құндылықтары  бойынша панорамалық сабақ;
📍Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі  А.С.Избасарова қазақ тілі сабағынан «Жақсыдан  үйрен, жаманнан  жирен» тақырыбы ашық сабақ;
📍Ағылшын тілі пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі А.З.Уразбаева «Survival  essentials» тақырыбында;
📍Ағылшын тілі бірлестігінің педагогі А.А.Таджиева «Reading for pleasure» тақырыбында;
📍Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі  М.А.Тургунова «Все  для  жизни  есть» тақырыбында;
📍Орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің педагог-зерттеушісі Д.К.Кучербаева «Казахская  народная сказка «Ер Тостик» тақырыбында;
📍Тарих пәнінің педагог-сарапшы мұғалімі Д.С.Утегенова Қазақстан тарихы пәнінен «Тәуелсіздіктің  алғашқы жылдарындағы  Қазақстанның экономикалық  дамуы» тақырыбы бойынша;
📍Тарих пәні бірлестігінің педагог-модераторы мұғалім М.Б.Абитаева «Қаныш Имантайұлы  Сәтбаев - жан-жақты ғалым» тақырыбында;
📍География пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі  Б.А. Исмайлова география пәнінен «Қазақстанның табиғи-ресурстық  әлеуеті»;
📍Бас кітапханашы М.Шарафи «Өлмейтұғын артына сөз  қалдырған» С.Сейфуллинның 130 жылдық мерейтойына орай поэтикалық марафон өткізді.
📍Қорытынды бөлімде мектеп психологі 
 М. А.Момынова «Менің шұғылалы  әлемім» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастыра білді.
Семинарға қала мектептерінен 150-ге жуық мұғалімдер келіп, мектебіміздің шебер үздік мұғалімдерінің ашық сабақтарына қатысып тәжірибе алмасты.
Семинар соңында Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының “Сапалы білім” жобасы бойынша әдіскері Салибекова Мадина Шанабековна қорытындылап, оқушылардың  функционалдық сауаттылықтарын арттыруда педагогтерге сәттілік тіледі. 💐
Семинардың ашылу рәсімін, қорытынды бөлімдерінің әсерлі өтуіне ат салысқан директордың тәрбие ісі жұмысы жөніндегі орынбасары У.Қ.Ниятова мен музыка пәнінің мұғалімі А.Н.Манапова.
Сонымен қатар, семинарға қатысушы педагогтер тапсырмаларды орындауда оқытудың  бірнеше жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін, атап айтқанда, "Пазл", "Логическая цепочка", "Brainstorming", "Sorting hat" т.б. өз қоржындарына салып бара жатқандарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, жақсы көңіл-күймен қатысқандарын айтып, кері байланыс берді.
Показать перевод

https://www.facebook.com/100041009420083/videos/1078350580096112/



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив