20
февраль
2024
«ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ» ЖОБАСЫ
«ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ» ЖОБАСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 16 ақпан күні 8-11 сыныптың оқушы қыздарға арналған жиналыс өтті.
Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары К.Маркабаева мен Ұ.Ниятова, педагог - психологтар М.Момынова мен Л.Уалхановалар «Қыз баланың адамгершілік қасиеттері», «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы талапқа сай өткізілді.
Жиналысқа ЖШС «OTAU MED» клиникасының қызметкерлері: әлеуметтік қызметкер маманы А.Ж.Бекетанова, психологтар А.А.Нұрымбетова, Б.К.Батырбекова секілді мамандар өз тараптарынан кеңестер берді. 
«Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, - деген сауал төңірегінде ой қозғап, 8-11 сынып қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік - болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық, гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы кеңестер айтылып өтті.
Мектебіміздің педагог-психологтері М.Момынова мен Л.Уалхановалар сөз алып, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүретіндігі, көптеген отбасында әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалатындығы ескертілді. Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында, қыз баланың тәрбиесіне де байланысты заманда ұяңдылық қашанда қыз баласына тән басты қасиет екендігі тілге тиек етілді.








