20
февраль
2024
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОНКҮНДІК
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОНКҮНДІК
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 15 ақпан күні «Білім беру процессіне қатысушылар арасында деструктивті көріністердің алдын-алу» тақырыбында мектепшілік «Психология онкүндігі» іс-шарасының бесінші күні де толықтай өз деңгейінде өткізілді.
Жоспар бойынша 5 күн: пазл "Эмоциолар мен сезімдер" бөлімі төмендегі тақырыптар арқылы жүзеге асырылды. Педагог-психолог Л.Уалханова мен Әлеуметтік-педагог С.К.Даткабекова "Тәтті армандар қобдишасы" тақырыбында акцияны 7 сынып оқушылары арасында сұрақ-жауаптар арқылы тренинг жаттығуларын ұйымдастырды.
Тренинг барысында білім алушыларымен "Құпия дос" тақырыбында ойындар ұйымдастырып, балаларға психологиялық көңіл-күй сыйлады.
Тренинг сабақты өткізудегі басты мақсат:
*Балалардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру;
*Бір-бірімен қарым-қатынасын, болашаққа деген үміттерін арттыру.
*Қызығушылығын ояту болып табылады.





