«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОНКҮНДІК" АЯСЫНДА » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОНКҮНДІК" АЯСЫНДА
13
февраль
2024

«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОНКҮНДІК" АЯСЫНДА

«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОНКҮНДІК" АЯСЫНДА  
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде мектебіміздің психолог маманы Уалханова Лаура Тагабековна "Қосымша білім беру оқу салалық орталығының" ұйымдастыруымен "Психология онкүндігінің" аясында 5 сынып оқушыларымен «Сыныптың қарым-қатынасын нығайту» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингті өткізудегі басты мақсат - балалық шақтың бақытын сезіндіре отырып, толық қамқорлықты және сүйіспеншілікті сезіндіру барысында жеке тұлға ретінде қалыптастыру арқылы оқушылардың өздеріне деген сенімділігін арттыру болып табылады. 
Тренингті бастар алдында, ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндікті, топта бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткізілді, сонымен қатар әр қатысушының бойында сезімдердің бой алуы оқушының алға жылжумен, тренингтің нәтижелі болуына септігін тигізеді.
Бұл жаттығуды орындау барысында топтағы жалпы жағдай жақсарып, топ мүшелері өздерін еркін сезініп, қарым-қатынастағы алшақтық азая түсті. Мәселен, топ мүшелері бір-бірінің қызығушылықтары туралы толығырақ біле алды. Яғни, сыныптағы оқушылардың бірі - спорт шебері екендігін, келесі біреуі кәсіби суретші, биші, домбырашы екендігін біліп таңданысты. 
Тимбилдинг — ұйымшыл ұжым қалыптастыруға, команданың әрбір мүшесі өз орнын табуға және қабілетті барынша дамытуға жағдай жасайтын қазіргі заманғы тәсілдердің бір түрі болып табылады. Тимбилдингтің барлық түрі еркін бейресми қарым – қатынас жасауды, командада жұмыс істеуді үйретеді және корпоративтік байланыстарды нығайтуға ықпал ететіні анық.

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив