07
февраль
2024
"БІР КІТАП" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
"БІР КІТАП" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Ә.Науаи айтқандай: "Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына". Біз кітап арқылы білімге ғана жол ашпаймыз, жаңа идеяларға кілт табамыз, рухани және материалдық құндылықтарға қол жеткіземіз, сұлулықты түсінеміз.
Осы тұрғыда, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында "BIR KITAP" жобасы аясында қаңтар айында оқуға ұсынылған Сайын Мұратбековтың
"Жабайы алма" повесін оқу өз мәресіне жетті.
Жобаға қатысушы ұстаздарымыз кітап желісі бойынша дайындалған әдеби викторинаға белсене қатысып, шығарманы өте жоғары деңгейде талқылады.
Әдеби викторинада туындыны көркем тілмен жеткізе отырып, қойылған сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беріп отырған ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нуржауова Гулнур мектеп директорының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Жобаға қатысқан барша ұстаздарға алғысымызды білдіре отырып, ақпан айына оқуға ұсынылған Бауыржан Момышұлының
«Ұшқан ұя» повесін оқуға барша әріптестерімізді шақырамыз!


