“БІРТҰТАС ТӘРБИЕ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “БІРТҰТАС ТӘРБИЕ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
15
март
2024

“БІРТҰТАС ТӘРБИЕ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

“БІРТҰТАС ТӘРБИЕ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Кітап – ең сабырлы ұстаз, үндемес серік. Тек кітап қана достық пен қастықтың, мейірімділік пен жауыздықтың, ақиқат пен жалғанның ара - жігін айнытпай танытып білуге үйретеді. Ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында "BIR KITAP" жобасы қолға алынып, ай сайын отандық және шетел әдебиеттері оқуға ұсынылуда. 
Осыған орай, қазақ жауынгері әрі жазушысы Бауыржан Момышұлы жазған батырлық пен батылдықтың, елдік пен ерліктің, тәрбие мен даналықтың символы болған автобиографиялық «Ұшқан ұя» шығармасын  оқу өз мәресіне жетті. Шығармаға автордың балалық шағынан, ес біле бастаған, мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі өмірі өзек болған. Жазушы өзінің тұлға ретінде қалыптасуына ұшқан ұясы ықпал еткенін баяндай отырып, отбасы мүшелерін: әжесі Қызтумас, әкесі Момыш, немере ағасы Момынқұл, әпкелері Үбиан, Әлимандарды өзіндік бейнелерімен әр қырынан танытқан. «Ұшқан ұя» романы – мемуарлық шығарма ғана емес, қазақтың салт-дәстүрі, ғұрпы, ұстанымы, дүниетанымы әсерлі бейнеленген этнографиялық шығарма.
Жобаға қатысушы ұстаздарымыз Б.Момышұлының тәрбиеге толы «Ұшқан ұя» шығармасы желісі бойынша дайындалған әдеби викторинаға белсене қатысып, шығарманы өте жоғары деңгейде талқылады. Әдеби викторинада шығарманы көркем тілмен жеткізе білген, кітап желісі бойыншы қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, үздік қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекпенбетова Ләззат мектеп директорының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы –  шығармалардың ішіндегі ең үздігі. Бұл шығарма – оқыған адамға рухани азық болары анық.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив