«Сапалы білім» аясында » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
декабрь
2023

«Сапалы білім» аясында

«Сапалы білім» аясында Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде педагог-модератор Айгуль Керимбекова 7«Б» сыныбына «Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы, биіктігі, ортасызығы, орта перпендикуляры» тақырыбында ашық сабақ өтті. 
Сабақтың басты мақсаты - үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы, биіктігі, орта сызығы, орта перпендикуляры анықтамаларын білу, үшбұрыштың түрлерін сыза білу болып табылады.
Сабақ барысында «Менің есімде» әдісі арқылы өткен сабақты, алдыңғы білімді қайталап еске түсіріп, жаңа тақырыппен таныстырылды, сызбалар тікбұрышты сызғыш көмегімен түсіндіріліп сызылып көрсетілді. Үшбұрыштың қабырғасы мен бұрышы, оның негізі элементтері, бұлардан басқа үшбұрыштың төбесінен шығатын тағы да үш кесінді аталып, түсіндірілді, олардың қиылысу нүктелерімен таныстырылып, олардың үшбұрыш түрлеріне қарай орналасулары сызылып анықталды. 
Сабақты бекіту мақсатында жеке жұмысқа әр оқушыға 4 сұрақтық қалыптастырушы бағалау тапсырмасы, жұптық жұмысқа үшбұрыштарға тікбұрышты сызғыш көмегімен биссектриса, медиана, биіктік, орта сызық, орта перпендикуляр сызу тапсырмасы, топтық жұмысқа «АВС» әдісі арқылы үш деңгейлі тапсырма беріліп, «Нейро» әдісі арқылы кері байланыс жасалып, сабақ қорытындыланып, оқушылар бағаланды.
#сапалы_білім 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив