11
январь
2024
«HR-NOBD» ПЛАТФОРМАСЫ - САПАЛЫ КАДР ТАҢДАУДЫҢ АШЫҚ ЖҮЙЕСІ
Мен, Ерғалиева Ұлар Бағдатқызы 2019 жылы мектепті алтын белгімен аяқтап, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетіне 6В01902-Арнайы педагогика: Логопедия мамандығына грантқа түсіп, 2023 жылы осы мамандықты қызыл дипломмен аяқтадым. Жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыздар қатарына тіркелдім. HR-NOBD сайты арқылы N79 жалпы орта білім беретін мектебіне Арнайы педагогика: Логопедия мамандығына бос орынға өтініш тастадым. N79 жалпы орта білім беретін мектебіне үміткер ретінде өтініш тастап, сол үміткерлердің ішінен барлық талаптарға сай келіп, 12 ұпай балл жинадым. Университет қабырғасында алған жетістіктерім, педагогтердің білімін бағалау тестінің нәтижесі арқылы жеңімпаз атандым.
HR-NOBD сайты барлық жұмыс іздеген мамандарға жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндік беретін әділ жүйе екендігіне көзім жетті. Енді ғана жоғары оқу орнын аяқтаған мен секілді "Жас маманның" тәжірибесіз және тәжірибесі бар мұғалімдер үшін жұмысқа тұруға мүмкіндік беретін жүйе.
HR-NOBD сайты-сыбайластықты жоюдың өте тиімді жолы. Сайт барлығын ашық, әділ түрде көрсететін жемқорлықтың тамырын түбімен жоюға бағытталған жүйе деп ойлаймын.