11
январь
2024
«HR-NOBD» ПЛАТФОРМАСЫ - САПАЛЫ КАДР ТАҢДАУДЫҢ АШЫҚ ЖҮЙЕСІ
Мен, Байзакова Шолпан Серикхановна Н.Арапов атындағы жалпы орта мектебін 2001ж бітіріп, Шымкент қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Химия-биология» мамандығы бойынша грантқа оқуға түстім. 2006ж атаулы оқу орнын бітіріп, өз ауылымның мектебіне мұғалімдікке жұмысқа орналастым. Он жеті жыл сол мектепте жұмыс атқардым. Сол жылдар арасында бірнеше оқушыларым аудандық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.
Жаңа жұмыс орнын іздеу барысында HR-NOBD бағдарламасы туралы естіп, сол сайтқа құжаттарымды жүктедім. Бірнеше күннен кейін электронды поштама хабарлама келіп, мені мектеп әкімшілігі сұхбатқа шақырды. Бар құжаттарым талапқа сай болып, Білім басқармасына қарасты №79 ЖОББМ химия пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым.
ХХІ ғасыр "Цифрлы Қазақстан" екеніне толықтай көзім жетті. Мен қаншама жұмыс таппай отырған әріптестерімді осы сайт арқылы жұмысқа тұруды ұсынамын. Бұл сайтпен жұмыс жасау тиімді, сенсенмді, ыңғайлы әрі уақыт үнемдеу үшін тапсырмас платформа болып табылады.