11
январь
2024
«HR-NOBD» ПЛАТФОРМАСЫ - САПАЛЫ КАДР ТАҢДАУДЫҢ АШЫҚ ЖҮЙЕСІ
Мен, Тұраш Жазира Нұрланқызы 2019 жылы Шымкент қаласындағы Шымкент Университетіне «Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына оқуға түсіп, 2023 жылы үздікке аяқтадым. Бала күнгі арманым ұстаздық жолымды бастау мақсатында Шымкент қаласы «Жұмыспен қамту орталығына» жұмыссыз ретінде тіркелдім. Тіркелу барысында мұғалімдерге арналған мен іздеген бос жұмыс орындары HR-NOBD сайтында бар екені туралы ақпарат алдым. Осы аталған сайтқа өз мамандығым «Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» пәні бойынша сұранысқа ие құжаттарымды тіркедім. Тіркелген құжаттарым бойынша электронды почтама хабарлама келіп, мектеп әкімшілігіне әңгімелесуге шақырту алдым. Өз жетістіктерімді, құжаттарымды тапсыру арқылы жоғары баллға ие болдым.
Білім басқармасына қарасты №79 ЖОББМ бастауыш пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Білім министрлігінің НR-NOBD сайты қазіргі таңда бос жұмыс орын іздеуші мамандар үшін ыңғайлы, сенімді әрі тиімді нұсқаушы бағдарлама болып табылады.