18
январь
2024
«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ИЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Елбасы медалі» жас буынды жан-жақты дамытуды көздейтін ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама. Қазіргі таңда Еліміздің ең ауқымды жобаларының бірі болып табылатын «Елбасы медалі» жастардың тек білімінің және табысының символы ғана болмай, өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдаланып, өзінің денсаулығына көбірек көңіл бөліп, кітап оқып, интеллектуалды және шығармашылық тұрғыда дамуына үлкен көмегін тигізетін жоба. Осы орайда, №79 жалпы орта білім беретін мектебінің шәкірттері де «Елбасы медалі» бойынша кезекті медаліне қол жеткізді.
Ұлағатты ұстаз «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бірлестігінің жетекшісі
Гүлзира Өмірзаққызының жетекшілігімен қатысқан озат оқушымыз 10 «Г» сынып оқушысы Тажибаева Жанель
"Күміс медаль" иеленуімен құттықтаймыз.
Сондай-ақ,
Бейсенбиева Кулбара Тойланбаеваның жетекшілігімен:
*Нұрлан Нұрайым 11 «А» сынып оқушысы
«Куміс медаль» иегері
*Шаяхмет Сымбат 11 «Б» сынып оқушысы
«Қола медаль» иегері
*Майлан Хадия 10 «Д» сынып оқушысы
«Қола медаль» иегері атанды.
Сіздерге алдағы уақытта терең білім алу жолында талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азаматша болуларыңызға шын ниетпен тілектеспіз!

