19
январь
2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Алматы қаласы Орталық Музейде Халықаралық «Шығыстың шеберлері» атты Қазақ-Қырғыз кәсіби суретшілері, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері мен этно-арт дизайнерлерінің симпозиумында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінің «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі Жанбатырова Дана Шарифуллаевна үздік шеберлік сыныбын көрсеткені үшін марапатталды.
Көрмеге «Композициялық натюрморт», «Қар барысы», «Қазақ даласы», «Тайбурыл» секілді жұмыстарын көрсету барысында марапатталған ұстазымызға, алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен сәттілік тілейміз.
