12
январь
2024
ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!👏🏻👏🏻👏🏻
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын жас ұрпақтың арасында кеңінен насихаттау және патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында өткізілген
«Тәуелсіздік дарыны» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған дарынды оқушыларымызды құттықтаймыз.
Мектебіміздің мақтаныштары:
Жоғарыда аталған байқауға оқушылармен бірге қатысып, жетекшілік көрсетіп жеңімпаз атанған ұстаздарымыз:
Сонымен қатар, осындай озат, дарынды оқушыларымызға үлгілі тәртіп беріп, тәрбиелегендері үшін арнайы “Алғыс хатпен” ата-аналарымызда марапатталды.


Жиын барысында жеңімпаз оқушыларымызды құттықтап марапаттаған мектебіміздің директоры А.Ж.Кулбекова: «Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын. Өмір жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болып, егеменді еліміздің білікті де білімді ұрпақтары болып өсе берулеріңізгі тілектеспін»,-деп жылы лебізін білдірді.


Жиынға оқушыларымыздың ата-аналары мен жетекшілік танытқан мұғалімдеріміз қатысты.
Алдағы уақытта ұстаздарымыз бен мақтан тұтатын оқушыларымызға шығармашылық табыстар тілейміз! Үкіліген үмітімізді ақтайтын ұрпақтарымыз көп болсын! 