13
октябрь
2023
№23 ЭЖП (ЭВЫКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАҚТАУ ПУНКТІ) ОҚУ -ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ.
Коммунальное білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде орналасқан №23 ЭЖП -де Коммунальное әкімдігінің 2023 жылғы 26 маусым күнгі N1475 қаулысы негізінде
14.09.2023ж. күні өткізілген “Қорғау-2023” Республикалық штабтық жаттығу жұмыстары өткізілді.
Іс-шараға Коммунальное Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Зиядинов Шыңғыс Өмірұлы қатысып, оң бағасы берілді.
Эвакуациялық жинау пункттерінің жеке құрамы 38 адамнан тұратын құрама эвакуациялау пунктінде іс-жүзінде жайып көрсету жаттығу ұйымдастырылды. Жеке құрамда:
1.Басшылықтан – 4 адам (ЖЭП бастығы, ЖЭП бастығының орынбасары, құлақтандырушы және комендант.
2. Тіркеу және есепке алу -5 адам
3.Көлікпен қамтамасыз ету-5 адам
4.Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету-6 адам
5. Ана мен бала бөлмесі -3 адам
6. Медпункт-3 адам
7.Психологиялық көмек-2 адам
8.Жаяу жүргінші-4 адам
9. Эшолон құру 5- адам
10. Қосалқы көмекші-(анықтама столы)- 1 адам және 5 автокөлік қатыстырылды.
ЭЖП жоспарға сәйкес құжаттары толтырылып, төтенше жағдайларға дайын болу мақсатында жаттығу өз деңгейінде өткізілді.
Әр топ жетекшілері өз міндеттерін таныстырып берді.








