06
декабрь
2023
«САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚ
Коммунальное білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-модераторы Ноғайбаева Айгүл Асқарқызы 9 «А» сыныбында «Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары» тақырыбында кезекті жоспарға сәйкес ашық сабақ өтті.
Тақырыпты оқушыларға түсіндіруден бұрын «Ой қозғау» әдісімен сұрақтар қою арқылы алдыңғы алған білімдерімен байланыстыра отырып жаңа тақырыпты ашатындай әрекеттер жасау, алған білімдерін жинақтау мақсатында жаттығу есептерін шығарды.
Оқушылар оқу үдерісінде: нақтылыққа, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Пәндік білім мен дағдыларды құру мен дамытуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және жеке бастың маңызды тапсырмалары контексінде ғылыми мәселелерді ойлауға қабілетті ақпараттандырылған және сындарлы ойлай білетін азаматтар тәрбиелеу көзделді. Интерактивті тақтамен жұмыс жасау кезінде информатикамен сабағы мен қозғалыс жүру бағытын түсіндіруде математика пәнімен байланысатынын дәлелдей алды.
Жалпы оқытудағы басты мақсаты:
- Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру;
- Әрбір ғаламшардың Күннің орналасқан жерінен орбитасы эллипс бойынша қозғалатынын көрсету болды.
Осы тұста пән мұғалімінің шеберлігінің арқасында оқушыларды байланыстырып сабақ берудегі мақсат-міндіттер толық жоғары дәрежеде ашылып, оқушы мен мұғалім арасындағы сыйлы үндестік көрсетілді.
