09
январь
2024
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі байып, есте сақтау қабілетін арттырады, ақылдырақ болады. Осы орайда, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында №79 жалпы орта білім беретін мектепте оқушылардың күзгі каникулда бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектеп оқушылары арасында «Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз» кітап оқу марафоны өткізілді.
Бұл іс-шараға 5 «А» сынып оқушылары белсене қатысып, сынып жетекшісі Исмаилова Гүлназбен бірге демалыста оқуға кітапханадан өздеріне ұнағанын кітаптарын алып, оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті.



