18
январь
2024
"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Халқымыз әр ғасырда-ақ ел даналары мен замана тұлғаларының өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған ұлағатты және тәрбиесі мол өнегелі сөздерін кітаптан алған. Кітаптың – рухани қазына аталуы да сондықтан. Балаларды кітап оқуға тартатын әлемде жақсы тәжірибелер бар. Солардың бірі «Бір ел – бір кітап» акциясы. Осыған орай, Коммунальное білім басқармасына қарасты «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша жыл кітабы болып таңдалған Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына арналған, сонымен қатар жастар арасында ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 120 жыл және Сұлтан Бейбарыстың 800 жыл мерейтойы қарсаңында сөреішілік көрме ұйымдастырылып, оқушылар мен мұғалімдерге таныстырылым өтті. Заман ағымына сай сөреішілік көрмеде жазушылардың кітаптарына QR код арқылы қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған.


