07
декабрь
2023
ӘДЕПТІЛІК СӘЛЕМДЕСУДЕН БАСТАЛАДЫ
«Сапалы білім» жобасы аясында Коммунальное білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-зерттеушісі Избасарова Акмарал Сапарбайқызы 5 «Е» сыныбына "Сөйлеу мәдениеті, сыпайылық, әдептілік» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабағымыз Ыбырай апталығымен қатар келуіне орай, сабақты ұйымдастыру кезеңінде ұлы ағартушы, тұңғыш қазақ елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы.Алтинсаринның шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталды. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей өмірлік жолын ұстаздық салаға арнап өткендігін айтып, танысып өтті.
Сабақтың бағдарлау-мотивациялық кезеңінде: сөйлеу мәдениетіне жататын адами қасиеттер - әдептілік, кішіпейілділік, сыпайылық туралы түсіндіріп, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс орнады.
Сыпайылық (әдептілік, ізеттілік) — адамдарды сыйлау, қарым-қатынас пен өзара қатынастың күнделікті нормасы мен ережесіне айналған, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасаудың әдетті тәсілі болып табылатын тұлғаның адамгершілік-психологиялық қасиеті, мінез бітісі болып табылады.
«Әдептілік» сәлемдесуден басталады. Мұсылман халқында амандық салты «Ассалаумағалейкум!» дегеннен аспаған. Ол жақсы тілек. Ол «Алланың рақым нұры маған 1 есе жауса, сізге 2 есе жаусын» деген сөз. «Сәлеметсізбе?» дегені сізге денсаулық, амандық, бақыт тілеймін» деген бір қауым ойларды, тілектерді білдіретіндігін мұғалім түсіндірді.
Міне осы тұста, осындай ізгі қасиеттерге ие Акмарал Сапарбайқызы оқушылармен фонетикалық талдауды да жоғары дәрежеде көрсетті.
Сабаққа қатысқан қонақтарымыз: «Қазақ тілі мен әдебиеті» бірлестігінің жетекшісі Гулзира Умирзаққызы мен басқа да бірлестік мұғалімдері қатысып, сабақты жоғары бағалап өтті.