07
декабрь
2023
АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Коммунальное білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ата-аналарды қолдау" орталығының ұйымдастыруымен ата-аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту мақсатында «Ақыл айтпа, жол көрсет» тақырыбында 5-7 сынып оқушыларының ата – аналарына арналған семинар сабақ өтті.
Семинар сабақты өткізудегі басты міндет:
- ата-аналардың жас дағдарысы кезеңінде баламен өзара түсіністікке қол жеткізуге деген ұмтылысын дамыту;
- ата-аналардың адам дамуындағы жас кезеңдерінің мәдени бастаулары туралы, жасөспірімдер дағдарысы кезеңінің экологиялық өмір сүру ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету;
- ата-аналардың сындарлы келіссөздер жүргізу, жанжалдарды шешу, реніштерді кешіру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді. Ата-аналар балаларының жаңа жағдайға бейімделу ерекшеліктері жайлы, бейімделу кезеңінде балаларда физиологиялық және эмоционалдық, психологиялық өзгерістер болатыны туралы өз ойларымен бөлісті. Ата-аналар сабақ барысында балаларына қолайлы жағдай жасау үшін қандай қадамдарға бару керектігі туралы сауалнамалар толтыра отырып, балаға жан - жақты қолдау көрсету үшін баламен тіл табыса білу керектігі жайлы түсінді. Балаларының жеке қасиеттері жайлы көзқарастарын қағаз бетіне түсіріп, бір-бірімен пікір алмасты. Өз пікірлерінде мектеп және ұстаздар жайлы да сөз қозғады. Дәріс барысында көрсетілген ата-ананың міндеті, отбасының ынтымақтастығы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі туралы өз ойларын ортаға салды. Сабақ мақсаты баланың жасы мен жеке басының ерекшелігін ескере отырып, балаға ақыл айтпай, жол көрсетудің маңызды екенін, мектеп және ата-ана болып бірігіп, балаға дұрыс тәлім - тәрбие беру,бірігіп күш жұмсаудың арқасында балаларымызды жан-жақты тәрбиелей аламыз деген қорытынды жасалды.





