08
декабрь
2023
«САПАЛЫ БІЛІМ» жобасы
«САПАЛЫ БІЛІМ» жобасы аясында Коммунальное білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-мұғалімі Шымбай Сайып-Қыран Арманұлы 10 «В» сыныбында тарих пәнінен «Түркі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістер» тақырыбында сабақ өтті.
Жаңа тақырып алдында «Ой толғау» әдісімен сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін жинақтады. Оқу барысында оқушылар бейнематериалды көріп, «БАП» әдісі арқылы оқулықтағы мәтінмен топтық жұмыс жасады. Оқушылар оқу үдерісінде: мәтіндік тапсырма және дереккөздерді пайдаланып, картамен жұмыс жасады.
Жалпы оқытудағы мақсаты:
- қазақтар этногенезінің түркілік кезеңіндегі тайпалардың этникалық құрамын талдау;
- этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау болып табылады.
Осы тұста пән мұғалімінің шеберлігінің арқасында оқушыларды қызықтырып, сабақ берудегі мақсат-міндеттері айқын жоспарланып, өз дәрежесінде қолданылды.

