21
февраль
2024
"ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МҰҒАЛІМДЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛДІ
"ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МҰҒАЛІМДЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 20 ақпан күні Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ағаУПИ полиция майоры Саханов Сакен Махсутханович пен УПИ полиция капитаны Базарбаев Серік Мейрановичпен бірлесе отырып "ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫ" тақырыбында мектебіміздің мұғалімдеріне түсіндірмелі жұмыс жүргізілді.
Соңғы жылдары Шымкент қаласында ең көп таралған қылмыс түрі алаяқтық. Өткен жылдың өзінде қылмыскерлердің іс-әрекетінен келтірілген залал 3,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде 3,5 млрд. теңге жеке тұлғалардың шығындары, қалғаны мемлекет пен заңды тұлғаларға келтірілген залал. Ағымдағы жылдың 8 айында ғана алаяқтықпен 1,7 мың қылмыс тіркелді, ал залал сомасы 7,2 млрд. теңгені құрады.
Прокуратура органдарының, құқық қорғау органдарының бірнеше рет ескертулеріне және телефондық алаяқтық фактілері туралы БАҚ-тың таратып жатқан хабарламаларынан нәтиже шығармастан азаматтар жасына және әлеуметтік жағдайына қарамастан алаяқтарының айла-амалдарына түсуді жалғастыруда.
Қылмыстардың едәуір бөлігі қаржы-кредит мекемелерінің өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атынан телефон қоңыраулары арқылы жасалған алаяқтық.
Көп жағдайда «телефон алаяқтары» азаматтарға несиені заңсыз ресімдеу әрекеттері туралы хабарлайды және күмәнді операцияны жою сылтауымен банк карталарының деректемелерін анықтайды немесе олар көрсеткен есеп айырысу шоттарына ақша аударуға сендіреді.
Қала прокуратурасы бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 – бабында көзделген қылмыс белгілеріне жататынын түсіндіреді. Алаяқтық - бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену.
Қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерін сақтау керек және оларды туыстары мен жақындарының назарына жеткізу қажет: қоңырау шалушыға кім ұсынылмаса да, СМС хабарламалар арқылы келіп түсетін дербес деректер мен кодтарды, телефонға бағдарламалар орнатуды, сондай-ақ жеке сипаттағы өзге де мәліметтерді хабарлауға болмайды. Мұндай телефон қоңырауы түскен кезде сөйлесуді дереу тоқтатыңыз.
Ақпаратты банктің ресми нөмірі бойынша тексеріңіз.
Белгісіз сайттардан тапсырыс берген кезде төлемді тек тауарды алғаннан кейін беріңіз.
Сізге немесе жақындарыңызға қатысты алаяқтық әрекеттер жасалған жағдайда полицияға хабарлау керек екенін ескертіледі.