13
октябрь
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР-МЕКТЕП" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханашылары Э.Ботабаева мен М.Шарафи оқушыларға ғаламтордың пайдасы мен зияны және кітап туралы мағлұмат бере отырып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге үйрету мақсатында мектеп кітапханасында 2023 жылдың 10 қазан күні «Интернет кітаптың орнын баса ала ма?» тақырыбында дебат турнирі өтті. Оқушылар интернеттің пайдасы мен адамға тигізер зияны жайында және кітаптың адам өміріне тигізер пайдасы жайында айта отырып өздеріне берілген тақырыпты өте жақсы қорғап шықты.