27
ноябрь
2023
"БҰРЫМTREND" ЧЕЛЛЕНДЖІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде " Біртұтас тәрбие" бағдарламасының «Талап» бөлімін жандандыру, қолдау мақсатында Республика көлемінде оқушы қыздардың келбетін қалыптастыру «БҰРЫМTREND» атты челленджі өз жалғасын тапты. Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі — жалы, қыздың көркі — шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп, керемет суреттеген.
Мақсаты:
1) Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптеуге үйрету;
2) Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;
3) Көпшілік алдында өзін- өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.