31
октябрь
2023
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БОЙЫНША 1–4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 31 қазан күні " Отбасы – бақыт бесігі" тақырыбында ДТІЖО К.Маркабаева мен педагог-психолог М.Момынованың ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылардың ата-аналарына "Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам"," Білімдіге дүние жарық", "Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу", " Әрбір бала – жарық жұлдыз" осы аталған тақырыптарын семинар тренинг өткізді. Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады.
Мақсаты: Ата – аналардың баланың бақытты өмірінің негізгі ретінде оның әл – ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру, мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын дағдыландыру, ата-аналардың темпераментін, мәдени дәстүрлерді және мұғалімдермен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін ескере отырып, өз баласының ерекше қырларын аша білу, ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамытуға отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы ортаны құру, баланың мектепке бейімделуі кезінде өзінің рөлін сезіну, балаға қолдау көрсету,балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін өз бетінше таңдау және қолдану қабілетін қалыптастыру.










