22
декабрь
2023
"Сапалы білім" жобасы аясында
"Сапалы білім" жобасы аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N79 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-зерттеушісі Тургунова Мархабо Ахметжановна 9 “Г”сыныбына “Солнце – это цветок” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
"Блум таксономиясы"бойынша сабақ жоспарын жасап, Мархабо Ахметжановнаның оқушылардың сабақта ойлау деңгейіне арнап сұрақтар, тапсырмалар дайындап келіп және тапсырма орындау барысындағы мұғалімнің әрекеті мен оқушы берілген тапсырманы қалай орындайтындығы, орындауда оқушылар қалай, қандай критерийлер бойынша бағаланады деп күнделікті сабақта кері байланыс жасауы бұл сабақтың кереметтей нәтиже беруіне алып келді. Сабақтың мақсатынан бастап кері байланысқа дейін сабақтың барлық кезеңінде мұғалім оқушылардың пікірімен санасып, ойын есепке алып отырды. "ПОПС формуласы" арқылы кері байланыс жасалды.
"Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар,"- деп даналар айтқандай Тургунова Мархабо Ахметжановна әр оқушысының жанын ғана ұғып қоймай, жанынан табылғанды дұрыс көреді.