19
январь
2024
"САПАЛЫ БІЛІМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 19 қаңтар күні 6"Г" сынып оқушыларымен “Орыс тілі мен әдебиеті” пәні мұғалімі Кучербаева Динара Кучербаевна "Древнекитайская цивилизация" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: оқылған мәтіннің негізгі ойын анықтау, жай және құрмалас сөйлемдерді қолданып, талдау жасай алу болып табылады.
Пән мұғалімі сабағында " Жақсы көңіл күй", "Концептуалды шаршы", "Ойлану аллеясы" әдістерін қолданды.
"Сарқырама" әдісі арқылы рефлексия өткізіліп, оқушылардан кері байланыс алынды. Сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп, сөйлемдерге талдау жасалды, шылаулар түріне түсініктемелер берілді.




