26
январь
2024
“САПАЛЫ БІЛІМ” ЖОБАСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N79 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нахаева Айгүл Пердеқызы 4 "Г" сыныбымен жаратылыстану пәнінен "Көлеңкенің көлемі өзгереме?" тақырыбында зерттеу жүргізе отырып, ашық сабақ өтті. Ашық сабақта педагог оқушыларды білу, түсіну, қолдану деңгейіне жеткізді. Көлеңкенің пайда болуы бойынша пәндік сауаттылығын арттыра отырып, көлеңке театрын құрып оқушылардың функционалдық сауаттылығын да шыңдады. Сабақта сабақ мақсатына жетелейтін, "кім тапқыр" сұрақ-жауап, "бургер" әдісі (топтық жұмыс), "кім жылдам" ойынын (жұптық жұмыс) ойнап, көлеңке театры ұжымдық жұмыс ретінде орындалды. Сабақ соңыда оқушылар бір-біріне бағалау жүргізіп, "бағдаршам" әдісі арқылы кері байланыс жасалды.