20
март
2024
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «Менің сүйікті кітабым» республикалық челленджіне белсене қатысуда.
Челендж бойынша оқуға ұсынылған Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» кітабында автор – өзі өмір сүрген кезеңінің келбетін боямасыз суреттеген, ашаршылық пен жетімдіктің зардабын тартқан балғын балалығының қиындыққа толы болғанын жеткізген. Бердібек Соқпақбаев – қазақ прозасына ерекше леп әкелген қаламгер. Жазушы қаламынан шыққан кез келген туынды оқырманды баурап алады.
«Балалық шаққа саяхат» кітабын талқылау барысында оқушылар шығармадан алған әсерін баяндай отырып, «Билиошар» әдісі арқылы жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді және де «Құлапты аш та, қазынаға жет» әдісі арқылы шығармадан берілген викториналық сұрақтарға жауап берді.
Сабақ соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, басқа да оқушыларды кітапты белсене оқуға шақырды.