18
март
2024
15 НАУРЫЗ – "ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ" КҮНІ
15 НАУРЫЗ – "ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ" КҮНІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында еліміз бойынша бекітілген “Наурызнама” он күндігі аясында Қазақстан халқы «Қайырымдылық» күнін атап өтті.
Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен татулыққа шақырады. Кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлылық көрсету, қол ұшын созу – қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды.
Мерекеге орай, ДТІЖО Маркабаева Камар Маркабаевна мен әлеуметтік педагог Даткабекова Салтанат мектебіміздің көп балалы отбасыларын Наурыз мерекесімен құттықтап қайтты.
Іс-шараның мақсаты - қоғамда мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту болып табылады.
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.
Показать перевод

